Будет интересно

Какие нужны документы чтобы встать на очередь на жилье мвд

Сізге тұрғын үйге кім кезекке тұра алатыны және оны kezekte.kz сайты арқылы электронды түрде қалай жасау керектігі туралы толық ақпарат ұсынамыз.

Тұрғын үй кезегіне кімдер тұра алады?

– Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары;

– жетiм балалар;

– көпбалалы отбасылар;

– халықтың әлеуметтiк жағынан әлсіз топтары:

Ұлы Отан соғысының ардагерлері;

  • * жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;
  • * басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;
  • * I және II топтағы мүгедектер;
  • * мүгедек балалары бар отбасылар;
  • * кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар;
  • * зейнеткерлер;
  • * қандастар;
  • * экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар;
  • * мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, қаза тапқан адамдардың отбасылары;
  • * толық емес отбасылар.

– мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер;

– жалғыз тұрғын үйі ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтар.

Тұрғын үй кезегіне тұру үшін қандай құжаттар қажет?

Тек электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ).

Кезекке тұру үшін құжаттарды қайда тапсыру қажет?

1 қадам

«kezekte.kz» сайтына кіріп, тіркеуден өту.

2 қадам

«SHANYRAQ» қызметін таңдау.

3 қадам

«Мои заявления» қызметін таңдау.

4 қадам

«Подать заявление на постановку в очередь» тандау

5 қадам

Бөлімде кімнің атынан өтініш тапсыратыныңызды «на себя» немесе «за опекаемого» таңдайсыз.

6 қадам

Одан әрі [«Далее»] батырмасын басасыз/

7 қадам

«Администратор МИО» бөлімінде санатқа қарамастан «Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы» ММ-нің БСН 200340006724 тересіз

8 қадам

Кейін қолайлы санатты таңдаңыз

9 қадам

Ішкі санатты таңдаңыз

10 қадам

“Основание” бөлімінде “ҚР аумағында меншік құқығында тұрғын үйдің болмауын” таңдау қажет

11 қадам

«Сведения о членах семьи» бөлімінде өзіңізбен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерін [«Добавить»] батырмасын басу арқылы жүзеге асырасыз. Одан әрі барлық деректерді толтырып [«Добавить»] батырмасын және содан кейін [«Далее»] батырмасын басасыз.

12 қадам

Басқа адамдар өтініш берушінің отбасы мүшелері деп танылған жағдайларда «Документальное подтверждение сведений» бөлімінде сот шешімінің және тағы басқа растайтын құжаттар көшірмесін қоса аласыз

13 қадам

«Сведения о месте работы» бөлімін “Мемлекеттік қызметші” ретінде тұрғын үйге кезекке тұрғысы келетін өтініш берушілер ғана толтырады

14 қадам

«Сведения о дополнительных доходах» бөлімінде қосымша кіріс болса [«Добавить»] батырмасы арқылы деректерді толтырасыз және [«Далее»] батырмасын басасыз

15 қадам

Одан әрі [«Сохранить»] батырмасын басасыз және құжаттарға қол қойып әкімшілікке жібересіз

16 қадам

Өтінімге ЭЦҚ кілтімен қол қойылады.

Кірістер, адрестік тіркеу туралы барлық басқа мәліметтер деректер базасында көрсетіледі.

Кезекке қою туралы өтінішіңіз 15 жұмыс күні ішінде қаралады және сіздің ұялы телефоныңызға қарау нәтижесі туралы SMS-хабарлама – 1414 нөмірінен жіберіледі.

МАҢЫЗДЫ! Астана қаласында тұрғын үй кезегіне тұру үшін кемінде үш жыл тұрақты тіркеуде болуы (тұруы) талап етіледі.

Есепке қойған кезде және тұрғын үй берген кезде азаматтардың (соңғы бес жылдың ішінде) Қазақстан Республикасының аумағында меншiк құқығында тұрғын үйi болмауы қажет.

МАҢЫЗДЫ! Көп балалы аналар, көп балалы отбасылар және халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарының (жетім-балалар мен мүгедек балалардан басқасы) жиынтық орташа айлық кірісі тұрғынжай беру туралы өтініш жасау алдындағы соңғы 12 айда отбасының әрбір мүшесіне республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшерінен төмен болуға тиіс.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *